БІЗ ТУРАЛЫ

        Чартак курорттық аймағы Өзбекстан Республикасының Наманған облысында  Чаткал жотасының оңтүстік бөктерінде Чартак-Сай өзені аңғарында теңіз деңгейінен 623 м биіктікте орналасқан және Ферғана артезиан алабына жатқызылады (Ферғана артезиан алабы – барлық жағынан Тянь-Шань тауларымен қоршалған ірі тауаралық шұңғыма).

        1953 жылы ішерлік тұщы судың көзін алу мақсатында 507 метр тереңдікте №32 құдық ашылған болатын. Тұщы судың орнына хлоридті-сульфатты-натрийлі құрамы бар субтермалды (+30ºС) минералды суы табылған. Минералды тұздардың мөлшері 2,6 – 3,0 г/л, pН = 7,8 құрайды. Бұл көрсеткіштер №32 құдықтың Чартак суын әйгілі Трускавец курортының №7 минералды су бұлағының аналогы деп санауға мүмкіндік берді. Оны ас қорыту жолының, бауырдың, өт шығару жолдарының, ұйқы безінің ауруларын және қант диабетін емдеу үшін ішке қабылдайды, сонымен қатар асқазан мен ішектерді тазарту, он екі елі ішекті тазарту, өтайдау және микроклизмалар үшін су ретінде пайдаланады.

        Өз тіршілігінің бүкіл тарихында №32 құдықтың Чартак минералды суын шығарудың бірнеше әртүрлі нысандары болған. Өзбекстан Республикасы Тәуелсіз мәртебесін алумен бірге шетелдік серіктестермен ынтымақтастықта заманауи өндірістерді құру мүмкіндігі пайда болды. «Buncra BV» (Нидерланды) компаниясының шетелдік инвестицияларының және жергілікті құрылтайшылардың арқасында минералды бұлақтың базасында суды шөлмектеп құю зауыты ұйымдастырылған болатын. Құрылыс 2016 жылғы маусым айында басталып, 2016 жылғы қазан айында аяқталды. «Chortoq Mineral Water» ЖШҚ БК-ның өз жарақтауында барлық соңғы талаптар мен стандарттарға жауап беретін «JK Engineering Co., Ltd.» (Корея Республикасы) фирмасының қазіргі заманғы жабдықтары бар.

       №32 құдықтың минералды суы белсендірілген көмірмен екі мәртелі тазатудан өтеді, содан кейін үш сатыда қоспалардан сүзіледі, ультракүлгін сәулелермен зарарсыздандырылады және көміртегінің қостотығымен қанықтырылады. Содан кейін жасыл түсті шыны шөлмектерге құйылады, бұл жағымсыз сыртқы әсерлерден, әсіресе – күн сәулелерінен қорғануға мүмкіндік туғызады.

«Chortoq» - ТАБИҒИ ӨМІР СҮРУ КӨЗІ.

         Ішерлік минералды суы ішке қабылдағанда асқорыту жүйесінің сөл бөлу, қимылдау және сору қызметтеріндегі өзгерістерге мүмкіндік туғызады да, сонымен бүкіл ас қорыту процесін жөнге келтіреді. Сондай-ақ судың арқасында ас қорыту жолында шырыш сұйылтылады, патологиялы өзгерген тіндер қабылданбайды, трофика жақсарады. Ол биологиялық сұйықтырадың құрамына, ағзаның микрофлорасына, ас қорыту жолындағы биохимиялық процестердің жүруіне, сонымен қатар нәруыздың, майдың және су-тұздың алмасуына жағымды әсер етеді. Сонымен бірге жеке ферменттерге иондардың үйлестірілген құрамының әсер етуінің арқасында жеке ферменттердің белсенділігі артады. Кез келген минералды суды қабылдаудан алынтын нәтиже оның құрамындағы химиялық элементтерге және тұтыну тәсілдеріне тікелей байланысты болады. №32 құдықтан алынған «Чартак» хлоридті-сульфатты-натрийлі суы ауыз қуысына, өңешке және асқазанға механикалық, термальдық және химиялық әсер етеді де, сонымен асқазан сөлінің бөлінуін жақсартуға себепші болады. Жіңішке ішекке тиген кезде бұл су асқазан бездерінің сөл бөлу қызметін тежейді.