ЕМДІК МИНЕРАЛДЫ СУЫН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕР.

Минералды судың әсері оған кіретін химиялық элементтердің және қосылыстардың (тұздардың және иондардың) құрамымен анықталады. Чартак минералды суының құрамы жеткілікті күрделі, және сондықтан оның ағзаға әсері өте көп қырлы. Сондай-ақ әсер ету дәрежесі суды қабылдау тәсіліне байланысты болуы мүмкін. «Чартак» емдік-ас минералды суын шөл қандырылу үшін де (су бөлме температурасындай болуы керек), үй жағдайларында емделу үшін де қолдануға болады (төменде бірнеше әдістемелер көрсетілген).

       Ішерлік емдік минералды суын тағайындау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі: науқастың жалпы күйі, сырқаттың өтуі мен қасиеттері, асқазан сөлінің қышқылдығы. №32 құдықтың суы күніне үш мәрте бір килограмм салмаққа 3,5-4 мл есебінен тағайындалады (150-250 мл). Минералды суды мөлшерін 2-3 күнге қарай нормаға дейін ұлғайта отырып, 50-100 мл-ден іше бастау керек.

       ● Минералды сумен асқазанды тазарту.

       Шырыш жинақталып қалған жағдайда созылмалы гастрит кезінде, асқазан қабырғалары бұлшықеттерінің жеткіліксіз жылжымалылығы, қатты жиырылулар, пилорустың (латынша Pylorus – қалтқы, асқазанды жіңішке ішектен бөліп тұратын асқазанның кішкене ғана бөлігі) кеңеюі немесе тарылуы кезінде, сондай-ақ іш қатқан кезде тағайындалады.

       Аптасына 2 мәрте, 4-5 процедуралар курсымен тағайындалады.

       ● Минералды сумен он екі елі ішекке дренаж жасау.

       Өт іркілетін қалтаның және өт шығару жолдарының аурулары кезінде жіңішке ішекке зондты енгізу арқылы жасалады.

       Курс 4-5 процедураны (аптасына 2 процедура) құрайды. +40ºС температураға дейін қыздырылған минералды су енгізіледі.

       Осы процедураның қарсы көрсетімдері кезінде минералды су мен ксилитті пайдалану арқылы өтайдау тағайындалады.

       ● Өтайдау – зондты пайдаланусыз өт жолдары мен өт іркілетін қалта бойымен судың рефлекторлық өтуі арқылы тазарту әдісі.

       Процедура таңертең аш қарынға өткізіледі, ұзақтығы шамамен 1,5 сағат құрайды. Көлемі 200 мл суды +40ºС температураға дейін қыздырады да, 1-2 қасық ксилитті қосады. Науқасқа алдын ала жылытқышты басып, оң бүйіріне қарай жатқаны дұрыс. Суды 20-30 минут ішінде кішкентай жұтымдармен ішіп отыру керек. Курс 6-8 процедураны құрайды.

       ● Ішектерді тазарту.

       Түйілмелі, атониялық, дискинетикалық іш қатулар кезінде; ішектердің созылуы мен кеңеюі сияқты туа біткен кемістіктер кезінде; ішектерге жұқтырғанда; өт іркілетін қалтаның және ұйқы безінің ауруларымен байланысты бұзулар кезінде; тері аурулары кезінде тағайындалады.

       Курс аптасына 2 мәртеден 4-6 процедураны құрайды.

       ● Минералды сулермен жасалатын микроклизмалар.

       Минералды сумен ішектерді тазартуға қарсы көрсетімдер (ішектер шырышының эрозиясы, ойық жара аурулары, геморрой) бар болған жағдайда микроклизма тағайындалады.

       Курс 6-7 процедураны қамтиды. Емдеуден кейін 3-4 ай өткен соң процедуралар курсын қайталауға болады. Бірақ минералды суды шамадан тыс қолдану денсаулық үшін зиян болуы мүмкін екенін ұмытпау керек.

ҚОЛДАНУ ҮШІН КӨРСЕТКІШТЕР:

       ● Рефлекторлық эзофагит: диспептикалық, дисфагиялық және аралас түрлері (түзелу кезеңінде);

       ● Созылмалы гастрит кезіндегі секрециялық жеткіліксіздік, және гастриттің басқа да түрлері (ауру бетінің қайту кезеңінде);

       ● Асқазанның және жіңішке ішектің ойық жаралы ауруы (ауру бетінің қайту кезеңінде);

       ● Асқазанның, жіңішке ішектің аурулары (отадан кейінгі кезеңде);

       ● Созылмалы колит және жеңіл мен орташа дәрежедегі энтероколит (ауру бетінің қайту кезеңінде);

       ● Ішектердің дискинезиясы немесе атониясы, іш қату немесе іш өту;

       ● Созылмалы гепатит, холецистит, ангиохолит;

       ● Өт іркілетін қалтаның және өт шығару жолдарының дискинезиясы;

    ● Перигастрит, перидуоденит, перигепатит, перихолецистит, периколит (туберкулезбен байланысты емес созылмалы ісіктер, асқазан қуыстарының оталары) (өткірленген нысандарынан басқа);

       ● Панкреатит;

       ● 1-2 дәрежедегі қант диабеті;

       ● Алқым ісуі.

Kazakh